Павлодарда судьялыққа үміткерлер сынақтан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда судьялыққа үміткерлер сынақтан өтті

21.11.2014
Павлодарда судьялыққа үміткерлер сынақтан өтті

Осыдан  тура бір жыл бұрын өткен Қазақстан Судьялар одағы съезінде сот жүйесін жандандыруға жаңаша бетбұрыс жасалатыны айтылған болатын. Содан бері халықаралық шарттардың орындалуы қамтамасыз етілді.

Материалдық-техникалық база жаңартылып жатыр. Ендігі басты талап судьялар арасында моральдік тазалықты, әділдікті, кәсіби біліктілікті арттыру. Сондықтан, судьялыққа үміткерлер конкурсқа жіберілмес бұрын облыстарда құрылған қоғамдық кеңестің іріктеуінен өтеді. 

Павлодарда өткен сынаққа 80-ге тарта үміткер қатысты. Олар электронды технологиялар, заңнамалық өзгерістер, құқықтық сот реформасын жүзеге асырудағы жаңалықтарға қатысты сұрақтарға жауап берді. Сүрінгендердің көбі судьялық қызметтен үміттілер. Мәселен, 18 адамның 7-і ғана өтті. 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу