Автокөліктің тозған дөңгелектерін қайта өңдеп, жаңа өнім шығаруға болады. Мұны қызылордалықтар дәлелдеді. Өңірде шина өңдеу зауыты қарқынды жұмыс істеп тұр.
Жергілікті мамандар «Жасыл» экономика принциптеріне толықтай сәйкес келетін жобаны неміс технологиясымен жүзеге асыруда.
«Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай егіс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологиясына көшіріледі. Соған сәйкес жерасты түтіктеріне сұраныстың артары анық.
Сондықтан да, Қазақстан-Германия біріккен компаниясы жоғары технологиялы өндірісті әлі де жетілдіре түсуді жоспарлап отыр.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ