12 жылда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы ықпалды халықаралық институтқа айналды.
Бүгінде бұл ұйым өңірде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, жалпы қатерлерге қарсы іс-қимыл жасауда, сондай-ақ әлемге және қауіпсіздікке қатер тудыратын ахуалдарды реттеуде пәрменді тетік болып табылады.
Сонымен қатар «ШЫҰ аясында ынтымақтастықтың экономикалық векторы белсенді дамуда», - деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.