Мемлекет қаржысына білім алып, оны қайтармаған азаматтар сұраусыз қалмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет қаржысына білім алып, оны қайтармаған азаматтар сұраусыз қалмайды

19.11.2014
Мемлекет қаржысына білім алып, оны қайтармаған азаматтар сұраусыз қалмайды

Абай Жұмаділдәев - Қазақ Түрік университетінің 2006-жылғы түлегі. Материалдық жағдайына байланысты мемлекеттік несиеге оқыған.

Оқуын тамамдағасын, ол мемлекетке берешегін төлемей, қаржы орталығына 8 жылдан кейін келді.   

Келісім шарт бойынша оқуға түсетін талапкерлер 15 жылға пайызсыз және ешқандай кепілсіз несиеге келісімге отырады. Алғашқы 4 не 5 жыл оқуына кетсе қалған 10 жылда белгіленген соманы төлеуі керек. «Ай сайын төлейтін қаржы қалтаны қақпайды»- дейді мамандар.

Талапкерлер оқуға түсерде үш жақты келісім шартқа отырады: оқу орны басшылығы, несие беруші және банк. Заңгерлер «дипломын алып, мүлде хабарсыз кеткен азаматтар сот алдында жауап береді» - дейді.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу