Дүниежүзілік жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні өтті

17.11.2014
Дүниежүзілік жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні өтті

Осыған орай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Астана қаласы Ішкі істер департаменті жол-көлік оқиғасының құрбандарын еске алу күнін өткізді.

Шараны қолдау белгісі ретінде астаналық жүргізушілер көліктерінің қос жарығын қосып, дыбыс беру сигналын басты.

Айта кететіні, Астананың өзінде жыл бойы жүзден аса адам жол апатынан қаза тапқан. Жарақат алатындардың дені жастар мен балалар.

Осы ретте ұйымдастырушылар балаларға жол ережесін түсіндірді.

Мелита Вуйнович, Қазақстандағы ДДҰ өкілі:

Жол-көлік апатынан зардап шеккендер санын азайту үшін көптеген шаралар өткізудеміз.

Келесі жылы Қазақстандағы жол апаты құрбандарын қысқартамыз деген үміт бар.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу