Жиынға Орталық Азия елдерінің парламенттік делегациялары мен әлемнің әр елінен сарапшылар қатысты.
Мұндай жиын осымен біздің елде үшінші рет өткізіліп отыр.
2010 жылы гендерлік саясат мәселесі ой сүзгісіне салынса, осыдан екі жыл бұрын жастар тақырыбы қозғалған.
Ал, осы жолы заң шығарушылар халықтың шоғырлануы мен даму жайын талқылап, халықаралық мәслихаттың өткен 20 жылдағы жетістіктері айтылды.
Жазира ИСАЕВА