Олардан жалпы сомасы 25 мың АҚШ доллары тұратын 100-ге жуық автомат тәркіленді.
Құмар ойындары заңмен тыйылса да жасырын казинолар мен ойын клубтарын ашып, оңай ақшаға кенелгісі келетіндер әлі де кездесуде.
Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің мамандары тек осы жылдың басында 160 құмар ойын құралын жойған.
Мадияр Тажин, Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері:
Ойын мекемелерінің заңсыз қызметін анықтау және әшкерелеу жұмыстары жалғасады. Бұл істе біз Қазақстан Республикасының азаматтарының көмегіне сенім артамыз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ