Қазақстанда шамамен 100 мыңнан астам корей ұлтының өкілі тұрады.
Олар өткен ғасырдың 30-жылдарында солақай саясат салдарынан Қиыр Шығыстан қоныс аударған.
Бүгінде еліміздегі корей халқының саны едәуір өскен. Демек, олар ешқайда көшпей, бейбіт елде берекелі ғұмыр кешеміз, деп тұрақтап қалды.
Алматы облысының өзінде 18 мыңға жуық корей ұлтының өкілі бар. Олар негізінен ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ