Сот-сараптама жүйесін дамыту керек. Саланың ақсаған тұстарын жетілдіріп, халықаралық талаптарға сәйкестендіру қажет.
Ол үшін білікті мамандарды даярлап, сараптама салаларын бір ортаға тоғыстыру шарт.
Бұл туралы бүгін «Батыс-Шығыс: сот сараптамасындағы әріптестік» атты конференциясында айтылды.
Мәселен, 6 медициналық сараптама биылға дейін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің құзырында болған. Қазір Әділет министрлігіне енуде.
Психиатрия және есірткі сараптамасы да өзге мекеме мамандарының міндеті болып отыр.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ