Қарағандылық оқушының денесіне қарындаш кіріп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық оқушының денесіне қарындаш кіріп кеткен

04.11.2014
Қарағандылық оқушының денесіне қарындаш кіріп кеткен

Қарағандылық дәрігерлер денесіне 8 сантиметрлік қарындаш кіріп кеткен баланы ажал аузынан алып қалды.

Осакаров ауданында тұратын 10 жастағы мектеп оқушысы үйіне қайтып бара жатып шалқасынан құлаған.

Сөмкесіндегі қарындашы қабырға сүйегі ортасынан өтіп, жүрекке 2 сантиметр жетпей тұрып қалған. Сол жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргінші жарақатын ауырсынған баланы аудандық ауруханаға әкелген.

Дәрігерлер кеуде тұстан операция жасап, қарындашты алып шықты.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу