Есірткі саудасымен күрес мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткі саудасымен күрес мәселелері талқыланды

04.11.2014
Есірткі саудасымен күрес мәселелері талқыланды

Жыл басынан бері елімізде есірткі саудасына қатысты 75 қылмыстық іс қозғалып, 102 келі зат тәркіленген.

«Бұл өткен жылдармен салыстырғанда, анағұрлым жоғары», дейді мамандар.

Қазақстанның географиялық орналасуы да қара нарықты кәсіп еткен наркотасымалдаушылар үшін тиімді болып тұр.

Азия елдерінің қылмыстық топтары біздің жер арқылы Ресей Федерациясына  және одан әрі Еуропаға тасымалдайды.

Ауғанстанда өндірілетін есірткінің 25-30 пайызы  Орталық Азия аумағынан өтеді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу