Отанды қорғау – ердің міндеті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отанды қорғау – ердің міндеті

03.11.2014
Отанды қорғау – ердің міндеті

Соғыста радист болған Тоқтарбай Қанапиянов бүгінде радиотелефон арқылы майдандастары мен замандастарының аман-саулығын біліп отырады.

1942 жылы әскерге шақырылып, дайындықтан өтіп, ұрысқа Украина жерінде араласады.

44-ші жылы оң қолынан қатты жарақат алып, елге оралды. Зейнеткерлікке шыққанша 54 жыл ұстаздық етті.

Қазір ардагер 90-ға келсе де, қоғамдық шараларға белсене қатысады.

Жеңістің жетпіс жылдығы ардагерлер үшін ғана емес, қоғамның барлық өкілдері үшін маңызды шара. Қазіргі таңда дайындық қызу жүріп жатыр.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу