Астанадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесін Ақмола облысы қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесін Ақмола облысы қорытындылады

01.11.2014
Астанадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесін Ақмола облысы қорытындылады

Өңірдің 17 ауданы мен 2 қаласынан еңбеккерлер түгел қатысқан жәрмеңкеде барлығы 50-ден астам өнімнің түрі ұсынылды. Бағасы да нарықтағымен салыстырғанда 15-20 пайызға арзан.

Жәрмеңкеге 300-ден астам кәсіпорын қатысып, 118 миллион теңгенің өнімін алып келді.

Бұл игі шара алдымен азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету,өңірлердің арасында байланысты нығайту үшін ұйымдастырылды.

Бұл бес жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан шапағаты мол шара. Жалпы, биылғы жәрмеңкелерге өңірлер барлығы 10 мың тоннадан астам азық-түлік әкелген.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу