Семейлік тұрғын сауықтыру орталығын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейлік тұрғын сауықтыру орталығын ашты

31.10.2014
Семейлік тұрғын сауықтыру орталығын ашты

І топтағы мүгедек санатына қосылған Советхан 5 жылдай жұмыссыз жүрді. Ақыры қол қусырып қарап отыра алмай кәсіпкерлікке қайтадан бет бұрды.

Алдымен жоба жасап, «Даму» қоры арқылы екі бірдей грант ұтып алды. Ол қаражатқа шетелдік қондырғылар  сатып алып, сауықтыру орталығын ашты. 

Советхан сауықтыру орталығына келген мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көмек беріп отырады. Орталықты ашудағы мақсаты да сол болған.

Қазір талапқа сай қолайлы ғимараттың жоқтығы қиындық тудырып отыр. Мәселені шешу үшін, мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алмақ. Сөйтіп көпке көмек қолын созуды жалғастырсам, дейді.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу