Жаңашамалған ауылдық округіне тиесілі Алаңқай алабы 2007 жылы халық игілігіне берілген.
Тұрғындар жаңбыр жауып, қар ерімесе деп, тілейді. Күн-райы бұзылса, көліктерін тастап, үйлеріне балшық кешіп, әрең жетеді.
Ауылда 20 көше бар. Қазір соның екеуінде тас жол төселген. Биыл жаңа мектеп ашылған соң жергілікті қазынадан 70 миллион теңге қарастырылып, бір көше тегістелді.
Ал, қалғаны қашан деген бұқараға жергілікті әкімдік күтіңдер, болмаса жолды өздерің жасай беріңдер, дейтін көрінеді. Күдерін үзген халық ақша жинап, тас түсіруде.
Айгүл ЕРМАХАН