Солтүстік Қазақстан облысында 2011 жылдан бері 22 мыңнан астам отбасы Отау -ТВ спутниктік сандық желісіне қосылды.
Қазіргі күні сандық спутниктік телевизияға арналған құрылғылар да Қазақстанда шығарылады.
Петропавлдағы Киров атындағы зауыт жылына шамамен 100 мыңнан астам құрылғы жасайды. Өнім еліміздің барлық аймағында қолданылады.
Осылайша индустрияландыру бағдарламасына енген жоба экономикаға ғана серпін беріп қоймай, отандық телеөнімдерді сапалы форматта тамашалауға жол ашты.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ