Бүгін Алматы қаласының Алмалы аудандық №2 соты композитор Құрманғазы мен ақын Пушкинді бейнелеп, постер шығарған жарнама агенттігіне қатысты шешім шығарды.
Судья Талғат Садықов постерге қатысты жарнама агенттігінің үстінен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының 34 студенті атынан түскен шағым бойынша айыпталушыларға жаза тағайындады.
Судья жарнама агенттігін шағымданушылардың моральдық шығын ретінде сұраған 34 миллион теңгелік қаражатты өндіріп беруге міндеттеді.
Сотқа шағымданушылар атынан заңгер Нұртас Ахметов пен «Havas Worldwide Kazakhstan» жарнама агенттігінің өкілі Дария Хамитжанова қатысты.
Дәурен ДАРИЯБЕК