Шұғыл комментарий керек болып, тиісті құрылымның баспасөз хатшысына хабарласа қалсаң, олар созып жүріп алады. Екі минуттық сұхбатты сөйтіп, екі күн күткізеді.
Бұл - журналистердің назы. Ал, баспасөз хатшылары «тілшілер сұхбатқа дайындалып келмейді», деген уәж айтады.
Екі тараптың бұл тартысына тоқтам жасалды.
Бас редакторлар клубы түрлі министрліктердің баспасөз қызметінде істейтіндер мен қолына қалам ұстағандардың басын қосып, жиын өткізді.