Ұтыс ойынынан ұтып алған сертификат жалған болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұтыс ойынынан ұтып алған сертификат жалған болып шықты

27.10.2014
Ұтыс ойынынан ұтып алған сертификат жалған болып шықты

Қолына сертификат тигенде Жұлдыз алдағы демалысын ертегідегідей елестеткен. Үш ай бұрын күйеуі екеуі қаладағы сауда орталығының бірінде туристік компания ұйымдастырған ұтыс ойынына қатысады.

Көп ұзамай мекеме өкілдері хабарласып, тегін жолдамаға ие болғанын айтады. Мұндай сәттілік өңі түгілі түсіне де кірмеген олар айтқан уақытында жетеді.

Бірақ, компанияның талабы бойынша, тегін демалуға мүмкіндік беретін сертификатты алу үшін белгілі бір сома төлеу қажет болған.

Сөйтсе, осындай сертификат сатып алып, не шетелге шыға алмай, не ақшасын қайтара алмай, сан соғып жүргендер көп екен. Ал, туристік мекеме өкілдері қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Заңгер Ерғали Мелдебековтің айтуынша, бар мәселе тұрғындардың сауатсыздығында. Өйткені, келісімшартта шикілік бар.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу