Жаһандану жағдайында терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресу үшін жастар арасында діни сауаттылықты арттыру қажет. Теріс ағымның дендеуіне жол бермей, еліміздің дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес келетін діни сананы қалыптастырған жөн.
Түйткілді мәселе бүгін Алматыда Дін комитеті өкілдері мен заң ғалымдары бас қосқан халықаралық жиында көтерілді. Қатысушылардың айтуынша, қазір елімізде 700-ге жуық ақпараттық-түсіндірме тобы осы мақсатта жұмыс істеуде.
Сондай-ақ бүгін Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин философия, саясаттану және дінтану институтының мамандарымен кездесіп, орта және жоғары оқу орындарына арналған дінтану оқу құралдары жайында пікірлесті. Теолог мамандар қатарын көбейте отырып, елімізде дінтанулық білім беру тұжырымдамасын жетілдіруді ұсынды.
Айгүл ЕРМАХАН