Соңғы жылдары бағып-қағып өсіріп, ержеткізген ұрпағы бола тұра, Қарттар үйінің есігін қағатындардың қатары көбейіп барады.
Семейде жұмыс істейтін жалғыз Қарттар үйіне кезінде бала-шағасы жоқ бірең-сараң жан кәрілік меңдегенде көмек іздеп келетін.
Қазір мекемеде орын жоқ. Қараусыз қалған 190 қария осы жерді паналап отыр.
«Үкіметтен тиісті жағдай жасалған. Дегенмен, өз үйің - өлең төсегіңе не жетсін?!», дейді олар.
Ержан ЖАҚЫП