Қоқысқа толы арық тазарылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоқысқа толы арық тазарылмайды

23.10.2014
Қоқысқа толы арық тазарылмайды

Жетісай қаласының жанашыры Қаһар Исаев орталық базар маңынан күнде өтеді. Алайда мұндағы арықтар қоқысқа толып, бітеліп қалған дейді.

Оны тазалап жатқан да, тазалығын тексеріп жатқан да жан жоқ екен. Ол аз болғандай, жол бойындағы ирригациялық арықтардың үстінен кәсіпкерлер ондаған нысан салып алыпты.

Қызыл сызықтың шекарасынан асып кеткен кәсіпкерлік нысандары арықтарды ластап, тазалық жүргізуге мұрша бермейді, деп ашынады. 

Ал, құрылыс жүргізген кәсіпкерлердің айтар өз уәжі бар. Бәрі заңдастырылған, тиісті құжаттарым қолымда, дейді.

 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу