Бұқаралық спорт - кәсіби спорттың негізі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұқаралық спорт - кәсіби спорттың негізі

23.10.2014
Бұқаралық спорт - кәсіби спорттың негізі

Спортты бізге «алтын» сыйлап жүрген Олимпиада чемпиондарына ғана жүктеп қойғанымыз дұрыс емес.

Оны бұқаралық құбылысқа айналдыру керек. Бұл үшін тек біз емес, бүкіл әлем тер төгіп отыр.

Елордада өтіп жатқан «Бұқаралық спортты дамытудың заманауи үрдістері» атты конференцияның көздегені де осы.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысқан жиынның барлық қонағы бұқаралық спорт - чемпиондарды дайындайтын кәсіби спорттың негізі екенін баса айтты.

Бүгінде жаһандық федерациялардың жаппай жанайқайы - расизмге жол бермеуде де спорттың алар орны ерекше.

 

Ғалым КӘЛМЕН

Хабарламаларға жазылу