Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздігі тұрақты ұғым болып саналатынына, ал оны сақтау әрбір азаматтың қасиетті борышы екендігіне назар аударды.
– Кезінде америкалық үндістердің көпшілігі түрлі басқыншылар арқылы өз жерлерінен қуылды немесе жойылды. Тегі үндіс бір ауқатты кинорежиссерге «байлық бақыт болып санала ма?» деп сұрақ қойылады. Бұған ол: «Өзімде және өзгелерде бар бүкіл байлықты мен халқымның бір күндік тәуелсіздігіне берер едім» деп жауап қатыпты. Сондықтан біздің баршамызға тәуелсіздігімізді бағалаған жөн, – деді Қазақстан Президенті.