Көкшетеуда көмір иісінен уланғандар ауруханаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетеуда көмір иісінен уланғандар ауруханаға түсті

23.10.2014
Көкшетеуда көмір иісінен уланғандар ауруханаға түсті

Көкшетау қаласында  бүтіндей бір отбасы ауруханаға жеткізілді. Олар түн мезгілінде жағулы тұрған пештің иісінен уланған.

Ес-түссіз ерлі-зайыпты мен екі баласы реанимация бөліміне жатқызылды.

Дәрігерлер науқастардың өміріне дер кезінде араша түсіп, аман алып қалды.

Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, пешті дұрыстап пайдаланбаудың кесірінен адам өміріне қауіп төндірген оқиғалар көбейіп отыр.

 

Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу