Теңіз шекарашылары Каспийден үш бірдей браконьерді ұстады. Олардың үшеуі де Әзірбайжан азаматы болып шықты.
100-ге жуық бекірені олжалаған браконьерлерді сақшылар қару атып тоқтатқан.
Шағын жүзу құралы толық тексерістен өтіп, борттан 200 литрлік 4 бөшке мен 50 литрлік 5 құты табылды. Сондай-ақ, кемеден бірнеше балық аулау құралы тәркіленді.
Әлия ӘШІМ