Атырау қалалық мәслихат депутаттығына 6 үміткер тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау қалалық мәслихат депутаттығына 6 үміткер тіркелді

22.10.2014
Атырау қалалық мәслихат депутаттығына  6 үміткер тіркелді

26 қазан күні қалалық мәслихатқа сайлау өтеді.

Мәслихатта 20 халық қалаулысы болса, соның екеуі жақында өз еріктерімен депутаттық мандаттарынан бас тартты.

Олардың орнына сайлауға түсуге 6 үміткер тіркелді. Екеуі - «Нұр Отан» партиясының мүшелері.

Алдағы жексенбіде қала тұрғындары  өз таңдауларын жасауы үшін 9 сайлау бөлімшесі жұмыс істейді. 

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу