Этнографиялық автоэкспедиция Семейге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Этнографиялық автоэкспедиция Семейге жетті

22.10.2014
Этнографиялық автоэкспедиция Семейге жетті

 «Менің елім – Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» этнографиялық автоэкспедициясы жарты жолды артқа тастап, Семей жеріне жетті.

Патриотизмді нығайтып, елдің туристік әлеуетін дамытуға үндейтін шараға қатысушыларды қаланың кіреберісінен қала басшылары мен мәдени орталық өкілдері қарсы алды.

Белсенді топ қаладағы машинақұрастыру зауытында болып, ондағы жұмысшылармен кездесті.

Қазақстанның 8 өңірінде болған экспедиция мүшелері осыдан кейін Өскеменге жол тартады.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу