Елімізде жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастайды

21.10.2014
Елімізде жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастайды

Елімізде желтоқсан айынан бастап жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастайды. Бұл туралы Мәжілісте Қылмыстық-атқару жүйесіндегі мәселелерге арналған Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

Бұған дейін депутаттар тарапынан жеке куәліктерге қатысты сын айтылып, ондағы фотосуреттің күңгірттеніп тұратынына ескерту жасалған.

«Біздің жеке куәліктеріміздегі фотосуретті түрлі-түсті әрі анық етіп шығару туралы ескерту айттыңыздар. Біз жыл бойы осы бағытта жұмыс істедік. Керекті жабдықтарды да сатып алдық. Жеке куәліктің қажетті тұсына өзгерістер енгізіп, жаңасын әзірлеп шықтық. Ол жаңа куәлік 1-желтоқсаннан бастап беріле бастайды. Онда түрлі-түсті фото, голографиялық фотография бар, яғни куәліктің қорғанысы мықты болады», - деді министр Қасымов.

Оның айтуынша, жаңа куәлікте еліміздің Туы мен Елтаңбасы, картасы да орналастырылған.

 

Хабарламаларға жазылу