Қытай астанасында кезекті «Сүйіспеншілікте шек жоқ» атты жәрмеңке өтті. Бұл қайырымдылық шарасы Қытай Сыртқы істер министрі жұбайының бастамасымен жылына бір рет ұйымдастырылып тұрады.
Жәрмеңкеде Қытай еліндегі шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері өздерінің ұлттық өнімдерін саудалап, түскен пайданы қайырымдылық шараларына жұмсайды.
Биыл жәрмеңкеде жиналған қаражат Қытайдағы туабітті жүрек ауруына шалдыққан бүлдіршіндерді емдеу қорларына аударылады.
Шара 2009 жылдан басталып, осымен бесінші рет өткізілді. Бес жыл ішінде қайырымдылық жәрмеңкесінде шамамен 7 миллионға жуық юань қаражат жиналған.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ