Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

18.10.2014
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

Тіл мәселесіне келгенде аса сабырлық танытып, қоғамның барлық салаларын қазақша сөйлету қажет. Ол үшін мемлекеттік тілді меңгерумен қатар, өзге тілді білгеніміз де абзал.

Елбасының Ұлытаудағы сұхбатында айтқан бұл ұстанымын қарағандылық Александра Титаренко үлкен ыждахаттылықпен жүзеге асыра бастады.

Александра Титаренко мемлекеттік қызметкер. Ол бұрын қазақ тілін білмегендіктен құжаттарды рәсімдеуге келгенде үнемі әріптестерінің көмегіне сүйенетін. Кейін қазақ тілі курсын оқып бітірген еді.

Қазір жұмысы жүре бастады. Әрі қарай сөздік қорын жетілдіру үшін мемлекеттік тілдегі мерзімді басылымдарға жазылыпты.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу