Ақтөбеде «Рухани келісім-тұрақтылық кепілі» атты іс-шара ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Рухани келісім-тұрақтылық кепілі» атты іс-шара ұйымдастырылды

18.10.2014
Ақтөбеде «Рухани келісім-тұрақтылық кепілі» атты іс-шара ұйымдастырылды

Шара аясында ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ аумағына тал дарақтардың көшеттері егілді.

Бұл шараға қоғамдық бірлестіктер мен этномәдени орталықтың  жетекшілері, Үкіметтік емес ұйымдардың және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты. Мақсат - конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту.

Бүгінде Қазақстан Республикасы мызғымас тұрақтылықтың, баянды бейбітшілік пен үйлесімділіктің рухани бесігіне айналған. Тәуелсіз Отанымыздың жарқын болашағы жолында мақсатымызды айқындап, асыл мұраттарымызға жетуге мүмкіншіліктеріміз көп.

Жақсыбек КЕМАЛ

 

Хабарламаларға жазылу