Өндіріске қуат көздерін тұтынудың жаңа үлгілерін енгізу қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өндіріске қуат көздерін тұтынудың жаңа үлгілерін енгізу қажет

17.10.2014
Өндіріске қуат көздерін тұтынудың жаңа үлгілерін енгізу қажет

Исландия, Норвегия сияқты алпауыт елдер жылына, жан басына шаққанда 51 000 КВт электр энергиясын тұтынады. Ал, бұл орайда әрбір қазақстандықтың үлесіне небәрі 4700 КВт тиеді. Жеткіліксіз.

Демек, отандық энергетиканы тез арада дамыту мәселесі мен бұл салаға күш болып келетін білікті мамандарды даярлау ісі кезек күттірмейді. Алты Алаштың рухани астанасы Түркістанда бас қосқан отандық ғалымдар осылай деп отыр.

«Ғылымды, инновацияны, өндірісті интеграциялау - елдің тұрақты дамуының басты ресурстары» тақырыбымен басталған конференция дөңгелек үстел мәжілісіне ұласты. Қатысушылар онда қуат көздерін тұтынудың жаңа үлгілерін өндіріске енгізуді пысықтады. 

Хабарламаларға жазылу