Мүгедек жандарға қолдау бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедек жандарға қолдау бар

16.10.2014
Мүгедек жандарға қолдау бар

Петропавл қаласының тұрғыны Александр Ломанов ІІІ топтағы мүгедек. Бірақ, жәрдемақыға қарап отырмай еңбек етіп, жұрт қатарлы күн көрудің қамына кіріскен. Оның жасы 28-де.

Қан ауруы дертіне шалдыққандықтан дімкәс. Ауыр жұмысты көтере алмайды. Сондықтан бұрынғы кәсібі аспаздықты тастап, жеңіл-желпі жұмыс іздеген.

Жолы болып «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы жаңа мамандықты меңгеріп шықты. Бүгінде Петропавл қалалық мәслихатында техникалық аппаратураларға қызмет көрсетуші болып жұмыс істейді. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу