Бөдене өсіру - пайданың көзі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бөдене өсіру - пайданың көзі

16.10.2014
Бөдене өсіру - пайданың көзі

Ақмола облысы Зеренді ауданының қарапайым тұрғыны Ольга Майер өзгеше кәсіппен айналысуда. Ол – бөдене құсын өсіруді қолға алды.

Мақсаты - оларды көбейтіп, табыс табу. Алайда, әрі  қарай кәсібін дамыту үшін көмек, қолдауға мұқтажбын дейді Ольга Майер.

Бөдене құсы тауық тектес. Алайда, көлемі де жұмыртқасы да тауықтікімен салыстырғанда 4-5 есе кіші. Сондай-ақ, бөдененің қалыпты дене қызуы 42 градус болғандықтан, оның сальмонелез, құс тұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру белсенділігі жоғары.

Ольганың бастаған кәсібін кейбіреулер бос әурешілік дейтіндер де бар. Алайда, бір ғана Көкшетаудың базарында сатылып жатқан жұмыртқаларға халықтың сұранысы жоғары.

Ерболат ТӨЛЕГЕНОВ

 

 

Хабарламаларға жазылу