Ұлттық ойында ұлағатты тәрбие бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ойында ұлағатты тәрбие бар

16.10.2014
Ұлттық ойында ұлағатты тәрбие бар

Астанадағы №74-мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен оқушылары және олардың ата аналарының арасында спорттық ойындардан сайыс өтті.

Ерекшелігі – бұл жарыста ойындардың барлығы түгелдей ұлттық сипатта.

Сайысқа қатысушылар асық атудан басқа, бұқа тартыс, желке тартыс ойындарынан жарысты. Соңғы екеуі қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарының бірі.

«Қазақтың ұлттық ойындары баланың дамуына ерекше әсер етеді»,- дейді ұйымдастырушылар.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу