Редакциямызға Оңтүстік Қазақстан облысы, Cарыағаш ауданындағы Біртілек ауылдық округінде тұратын көрерменіміз Шаяхмет Тасқұловтан хат келіп түсті.
Оның қысқаша мазмұны мынадай. Шаруа 28 гектар егістік жерін игеру үшін 17 жылдан бері несие ала алмай сергелдеңге түскенін ашына жазған.
Көрерменнің бұл сұрағына Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Ақментай Есбаев жауап берді.