Қазақ тілін Google аудармашы жүйесіне қосу жобасы екінші кезеңге өтті. Бұл жұмыс жыл соңына қарай аяқталып калуы әбден мүмкін. Бұл туралы жоба авторы «WikiBilim» қорының өкілі Рауан Кенжеханұлы хабарлады.
Бүгін жоба авторлары қазақ тілін Google Translate жүйесіне енгізу жұмыстары қалай жүріп жатқандығынан хабардар етті. Жыл соңына дейін жүйені іске қосу үшін интернет қолданушылардың көмегі қажет. Қазақ және ағылшын тілінде еркін сөйлейтін қолданушылар жүйеге кіріп, аударылған сөздер мен сөзтіркесетерінің сапасына баға беріп, ұсынылған сөздерді қазақшадан ағылшыншаға немесе ағылшыншадан қазақшаға аудара алады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ