Осыдан 6 жыл бұрын «Нұр Отан» партиясы «Жастар кадрлық резерві» атты жаңа жобаны қолға алды. Мақсат - оқу орындарын енді ғана бітірген жас мамандар арасынан заман талабына сай басқарушы кадрларды даярлау.
Бүгінде бұл жобаның бұғанасы бекіп, алғашқы белестерін де бағындырды. Мәселен, осы жылы жобаға қатысуға 3 мыңнан астам адам өтініш білдірді. Алайда, оның тек 32-сі ғана мықты маман аталып, «Жастар кадрлық резерві» партиялық жобасының II білім беру модуліне өтті.
Айдана ҮСЕНБАЙ