Өтеген батыр ауылынының халқы қаупі жоғары газ баллонды тұтынуға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өтеген батыр ауылынының халқы қаупі жоғары газ баллонды тұтынуға мәжбүр

14.10.2014
Өтеген батыр ауылынының халқы қаупі жоғары газ баллонды тұтынуға мәжбүр

Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылының көп қабатты тұрғын үйлерінде тұратын халық жарылу қаупі жоғары газ баллонды тұтынуға мәжбүр. Өтеген батыр ауылында 118 көп қабатты тұрғын үй бар.

Мұнда кезінде көгілдір отын болыпты. Бірақ, орталыққа қосылмаған. Әр аулада тұратын газ толтырылған арнайы бойлерден тартылған.

Кеңес үкіметі тарағанда тоқтап, әр үйде шіріген құбырлар қалды. Ал, қазір, кенттің жаңа аудандарындағы жер үйлерге газ құбырлар тартыла бастады.

Айгүл ЕРМАХАН

 

Хабарламаларға жазылу