10 елдің азаматтары үшін Қазақстан аумағына визасыз өту мерзімі ұзартылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 елдің азаматтары үшін Қазақстан аумағына визасыз өту мерзімі ұзартылмайды

14.10.2014
10 елдің азаматтары үшін Қазақстан аумағына визасыз өту мерзімі ұзартылмайды

Қазақстан аумағына визасыз кіру құқығы берілген 10 мемлекет бұл жеңілдікті әзірге тек 1 жыл көлемінде ғана пайдалана алады, визасыз режимнің уақытын ұзарту жоспарда жоқ. Бұл деректі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап, еліміздегі ақпарат агенттіктері таратты.

Биыл 15 шілдеден бастап 10 мемлекет азаматтары үшін Қазақстан аумағында 15 күнге дейін визасыз жүріп тұру құқығын беру туралы жоба жүзеге аса бастаған.

Сыртқы саясат ведомствосының мәлімдемесінде жобаның мерзімін ұзарту жоспарда жоқ, оның нәтижесі туралы айтуға әлі ерте делінген.

Мәселен, визасыз режим АҚШ, Нидерланд, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия мен Біріккен Араб Әмірліктері және Оңтүстік Корея мен Жапония елдерінің азаматтары үшін енгізілген болатын. Жоба 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін жалғасады. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу