Редакциямызға Қостанай облысы Аманкелді ауданынан Әнуар Бәйсейітов деген азамат хабарласқан болатын. Ол осы өңірде салынып жатқан Арқалық – Торғай тас жолы құрылысының қарқыны баяу екенін айтқан еді.
Яғни, төрт жылда 110 шақырым ғана қайта жаңартудан өткен. Жаңа жол Аманкелді ауданының орталығына әлі 30 шақырымдай жетпей тұр.
Бұл сұраққа Қостанай облыстық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Дәуренбек Жансейітов жауап берді.