Aқтөбеде жастар арасында «төзімділік» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Aқтөбеде жастар арасында «төзімділік» акциясы өтті

13.10.2014
Aқтөбеде жастар арасында «төзімділік» акциясы өтті

600 жас ретросаябаққа жиналып флэш-моб өткізді. Мақсат - құқықбұзушылықты болдырмауға шақыру. Қоршаған ортаға қамқор болып, мәдениеттілікті қалыптастыру.

Облыс орталығындағы 6 арнаулы оқу орнының өнерлі студенттері өздері дайындаған қойылымдар арқылы қоғамдық орындарда тәртіп бұзуға қарсы екендіктерін көрсетті.

Қатысушыларға әрбір азаматтың кезкелген құқықбұзушылықты байқағаннан кейін немқұрайлылық танытпай, арнайы қызмет орындарына хабарлауы қажет екені айтылды.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу