Қыркүйектің 6-сы күні редакциямызға Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының тұрғыны Нұрлан Ахметов хабарласып, елді мекеннің таза ауызсумен қамтылмағанын айтып шағымданған болатын.
Осы сұрақ бойынша тілшіміз зерттеу жүргізіп көрді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Пеньково Петропавл қаласына жақын жерде тұрса да су мәселесі әлі шешілмеген. Тұрғындар суды құдықтан алады, ал көлігі барлар қаладан немесе көрші ауылдан тасып ішеді.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ