Талдықорғанда «Жыл мұғалімі» анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Жыл мұғалімі» анықталды

11.10.2014
Талдықорғанда «Жыл мұғалімі» анықталды

Шара мақсаты ұстаздарды шығармашылық ізденіске ынталандыру, қоғамдағы беделін көтеру.

Жыл сайын «Үздік ауыл мектебі», «Үздік кәсіптік білім беретін мекеме», «Үздік балабақша», «Үздік интернаттық мекеме», «Үздік сынып жетекшісі» номинациялары бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

Сонымен қатар, «Орта білім беретін үздік ұйым» атанған мектеп ұжымына 15,9 миллион теңгенің гранты берілсе, «Жылдың үздік мұғалімі» атанған ағартушыға жеңіл автокөлік сыйға тартылды. Бұл өңірде 34 мыңнан астам мұғалім еңбек етеді.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу