Фестивальге әлемнің 25 мемлекетінен келген 3D графика мамандары қатысуда. Ол Мәскеу қаласының бірнеше жерінде өтіп жатыр.
Шараны ұйымдастырушы дизайнерлерге жарықтың мүмкіндігін толық көрсету үшін үлкен кеңістік керек. Сондықтан да дизайнерлер өз жұмыстарына қаладағы ең үлкен ғимараттар мен танымал сәулет туындыларын таңдап алды. Мәселен, әйгілі Останкино телемұнарасы жарықтың құдіретімен қазір түрлі-түске боялып тұр.
Ұйымдастырушылар 140 сағатқа созылатын жарық инсталляциясын, 6 миллиондай адам тамашалайды деп отыр.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ