60 түрлі өнім арзан бағамен саудаланды. Бүгін Елордада Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді.
Сөйтіп, санаулы сағаттың ішінде жалпы құны 275 миллион теңге болатын азық-түлік сатылды. Таң атпай алаңға ағылған жұрт арзан өнімдерді ептеп емес, көптеп алуға тырысты. Биыл Шығыс Қазақстан облысы жәрмеңкеге жалпы құны 125 миллион теңге болатын 500 тоннаға жуық азық-түлік әкелді.
Айдана ҮСЕНБАЙ