«Қалалық романс» саябағында егілген 100 түп Тянь-Шань шыршасы «ЕХРО-2017» көрмесіне арналып отыр. «Туған қалаңа ағаш сыйла» акциясы аясында жүзеге асқан игі шараға студенттер мен ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ, өнер жұлдыздары жұмыла кірісті.
Енді бірнеше жылдан кейін бұл көшеттер жайқалған аллеяға айналып, Астананың көркін арттыра түспек. Айта кетейік, шараның өтуіне «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы мен «Астана ЕХРО-2017» акционерлік қоғамы ұйытқы болды.