Қарағанды облысының қиыр шетінде Терісаққан деген ауыл бар. Соңғы екі жылдан бері бұл елдімекеннің әлеуметтік-экономикалық ахуалы айтарлықтай жақсарып қалды. Өйткені, ауылдың іргесінен «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолы өтіп жатыр. Жергілікті тұрғындар шойын жолды салған құрылысшыларға ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып, жақсы табыстың көзін тапқан. Бұдан бөлек, кезінде басқа жаққа көшіп кеткендер Терісаққанға қайта оралып жатыр. Себебі, теміржол бойында көптеген жұмыс орындары ашылуда.
Берік КӨШЕРБАЕВ