Редакциямызға Павлодардан хат келді. Хат иесі – ҚР Құрметті сәулетшісі Ержан Шәріпханұлы. Хатта «Павлодар қаласының басты көшелері; Суворов, Кутузов, Ленин аттарымен аталған. Біздің аймаққа қатысы жоқ адамдардың атымен аталған ұсақ көшелер қаламызда толып жатыр. Ал, Қазақтың хандары, билері, батырлары неге елеусіз қалған?», делінген болатын.
Көрермен сауалына Павлодар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ардақ Райымбеков жауап берді.